Ішкі істер министрлігі қоғамда "заң мен тәртіпті" қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі Солтүстік Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің үйінің жанында "қарасора" өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген.
"Қарасора" тұқымын интернет арқылы сатып алып, курьерлік қызмет арқылы өзіне жеткізген. Ал төлемді өзінің банк картасынан жасаған.
- Тінту барысында қарасора, сатуға дайын өнім, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жабдық тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Жыл басынан бері 250 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 келіден астам гашиш, 190 келі марихуана, 12 келіден астам синтетика тәркіленді.
Биыл 8 есірткі зертханасы жойылды.