Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтар айында 700-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталған. 1257 есірткі сайты бұғатталды, оның ішінде 15 дроп-карта бар.
Есірткі тарату туралы ақпараты бар 76 арна мен боттар өшірілді. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Олардың ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар. 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 есірткі притоны, 17 есірткі зертханасы жойылды. Биыл 800 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 29 кг синтетика, сонымен қатар 5 тонна прекурсор тәркіленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.