ІІМ құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

1 Қараша 2021, 11:15
7934
Бөлісу:
ІІМ құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифингте айтты.

ІІМ-де Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілімен кездесу өтті. Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев БҰҰ өкілі Ханс Фридрих Шоодермен кездесті.Министрдің орынбасары өз сөзінде осы халықаралық ұйымның ұлттық баспана жүйесін жетілдіру, босқындардың интеграциялық перспективаларын жақсарту және азаматтығы жоқ адамдарды азайту жөніндегі біздің мемлекетіміздің бастамаларын іске асыруға қолдау көрсетіп, жәрдемдесетінін атап өтті, - деді Ораз.

Ол атап өткендей, Марат Қожаев Қазақстан мигранттарға бұрынғысынша тартымды болып қалатынына назар аударды.

Бұл біздің еліміздің шекарасының ұзындығына және бірқатар мемлекеттердегі, соның ішінде Ауғанстандағы, Сириядағы және Йемендегі қауіпсіздіктің күрделі жағдайына байланысты болып отырғаны сөзсіз. Ол сондай-ақ мәжбүрлі мигранттарды қорғаудың халықаралық тұжырымдамасына негізделген ұлттық баспана жүйесі болашақта да сәтті жұмыс істейтінін атап өтті, - деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ азаматтық тиесілілігіне немесе бұрынғы тұрғылықты жеріне қайтып оралудан қауіптенген барлық шетелдіктерге, бұрынғыдай ел аумағына кіруге және босқын мәртебесін беру, қосымша қорғау немесе баспана беру рәсіміне кепілдік беріледі.

Бүгінгі таңда ІІМ мәртебесі реттелмеген және азаматтығы жоқ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ алты мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Бес мыңға жуық адам жеке басын куәландыратын құжатпен құжатталған. Біздің еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін түпкілікті шешуге деген ұмтылысты ескере отырып, ІІМ мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы