Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ІІМ: Күн сайын 6 қылмыс пен 1 апат болады

14 Қараша 2025, 19:00
622
Бөлісу:
VIDEO

Осы аптада елімізде 918 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалпы қылмыстық сипаттағысы – 727- ні құрап отыр. Сондай-ақ 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, қаза тапқандар саны – 17, ауруханаға жатқызылғандар саны – 43-ті көрсетіп отыр. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» жобасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ есірткімен айналысқан 27 азаматты ұстады. Мысалы, Петропавл қаласында 20 жастағы жігіттен 290 грамм "синтетика" тәркіленсе, Шымкент қаласында бұрын сотталған 27 жастағы ер адамнан жарты келіден астам мефедрон, электронды таразы мен буып-түюге арналған қаптамалар алынды.

Ақмола облысында Астана – Астраханка тасжолының бойында жасырын қойма табылып, 12,5 келі мефедрон тәркіленген.

Хасан Қасымбаев сотталды

Сонымен қатар, Талғардағы қаңды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен істі болған Хасан Қасымбаевқа қатысты үкім шығып, ол адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жол ережесін сақтамағандар жазаланды

Абай облысында жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды. Олар бағдаршамның қызыл жарығында көліктен түсіп, жол үстінде би билеген. Полиция олардың әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағанын анықтады.

Мектептегі әлімжеттік қашан азаяды?

Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған.

Астанадағы тұрғын үйде лифт құлады

Астанадағы Арыстан тұрғын үй кешенінде лифт жөндеу кезінде құлады. Бір қызметкер қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Басына кондионер құлаған фельдшер ісі: қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы бірнеше адам ауыр жарақат алған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы – «Адам денсаулығына ауыр зиян келтірген сапасыз қызмет көрсету» бойынша жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы