ІІМ көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа көшті – министр

9 Маусым 2020, 13:38
1672
Бөлісу:
ІІМ көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа көшті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесуінде Ішкі істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83%-ы электронды форматқа көшкенін айтты.  

Халықтың сенімі – полиция жұмысының негізгі бағасы. Сол үшін ішкі істер органдары ақпараттық технологияларды енгізіп жатыр. Қағаз анықтамаларды жойып, барлық мемлекеттік қызметтердің электрондық жүйеге көшіру жұмысы жүріп жатыр. 2019 жылы 24 млн қызмет көрсетілді, - деді ол. 

Министр атағандай бұл сыбайлас жемқорлықты жойып, қарапайым азаматтардың уақытын үнемдейді, электронды үкімет арқылы үйде отырып, іс тындыруға болады. 
Мекенжай анықтамаларын беруді тоқтаттық. Бұрын осы анықтаманы алу үшін 10 млн адам кезекте тұратын. Осы жылдан бастап елімізге уақытша келген шетелдіктер тіркеуден өтпейді. Шақыру бергендер көші-қон қызметіне өздері хабарласуы тиіс. Ішкі-істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83%-ы электронды форматқа ауысты, - деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Министр жыл соңына дейін көші-қон саласы бойынша тағы бірнеше қызмет онлайн жүйеге өтетінін айтты.
Қызметкерлер мен азаматтардың арасындағы тікелей байланыс болмау үшін "автоцондарға" тіркеу бойынша емтихан бөлімдерін жауып, ХҚО-ға бердік. Жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу, нөмір беру барлығы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Автоматтандыру жүйесін 91%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ерлан Тұрғымбаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында аймақтық полиция жетекшілері апта сайын азаматтармен кездесетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы