Қазақстанда елді мекендердегі жылдамдық режимі төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, елімізде жол қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер қайта қарастырылып жатыр.
Елді мекендердегі жылдамдық режиміне қатысты айтар болсақ. Біз – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ұжымы заң мен тәртіп қағидатының аясында нормативтік құжаттарға қатысты заң шығарушыды үнемі жетілдіріп отырамыз. Қазір осы мәселені жұмы тәртібімен қарастырудамыз. Парламент депутаттары каникулдан келген соң бұл мәселені талқылайтын боламыз, - деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ балаларға жол ережесін оқыту міндетті пән болуы мүмкіндігін айтты.
ІІМ дерегіне сүйенсек, жеті айда жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмған.