ІІМ-де «Серт» детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

23 Маусым 2021, 21:12
8144
Бөлісу:
ІІМ-де «Серт» детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші республикалық «Серт» детективтік шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Өткен жылдың қараша айында #шкі істер министрлігі ел тарихында алғаш рет «Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауын жариялады. Байқау қорытындысы бүгін6 23 маусым – Қазақстан полициясы күні жарияланды. 

Іс-шараға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, қазылар алқасы, конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ, қоғам өкілдері қатысты. 

Марапаттау рәсімі карантиндік шараларға байланысты youtube арнасы арқылы көрсетілді. 

Бұл байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған болатын. Байқаудың мақсаты – бүгінгі полицейлердің күрделі де қауіпті қызметіне қоғам назарын аудару.  

Қатысушылардың еңбектерінде жазушы мен журналистің қаламы арқылы полицейдің шынайы бейнесі айқын көрініс тапты. Конкурсқа бұрын жарияланбаған 30-дан астам шығарма келіп түсті. Бұл шығармалар қалың оқырманға белгілі емес. 

ІІМ-де «Серт» детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, драматург Нұрлан Оразалин төрағалық жасады. Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы-аудармашы, ақын, кинорежиссер Бақытжан Қанапиянов, жазушы-журналист Александр Тараков және басқа да көрнекті мәдениет, өнер және журналистика өкілдері болды. 

«Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауын ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан полициясы күніне арнап өткізді. Детектив жанры әлем әдебиетінде үлкен орын алады. Мұндай жұмыстар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Отан алдындағы міндеттерін адал және әділ орындауға жігерлендіреді. Барлық қатысушыларға детективтік шығармалар қорын толықтырып, өз оқырмандарын табатын еңбектері үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, қазылар алқасына шығармаларды мұқият талдап, әділ бағалағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, амандық және шығармашылық табыс тілеймін! – деді марапаттау рәсімінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 

Алты айдан астам уақытқа созылған «Серт» байқауының бас жүлдесін «Қатаң режим» туындысының авторы Дихан Баймұхамбетов иеленді. Ал бірінші орынды «Шымкенттегі шырғалаң» шығармасының авторы Мұхтар Анарбек еншіледі. Екінші орынды «Екеудің көлеңкесі» туындысының авторы Алпысбай Хонжы мен «Мажоры» шығармасының авторы Бекболат Сарбасов алды. Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды «Адьюторлар» шығармасы үшін Екатерина Паевская, «Болмаған той» Жадыра Шамұратова, «Чикаго» әңгімесімен Ернұр Әзімбаев қанжығасына байлады. 

Ынталандыру сыйлықтарын Байділдә Айдарбектің «Суицид», Марина Нұрымжанованың «Охота на охотника», Дастан Жұмағалиевтің «Записки оперы. Валет», Әзиза Асқарованың «Көрінбейтін қарақшы», Айнұр Сембаеваның «Зауал», Хадиша Әбдірахманованың «Бір қылмыстың тарихы» және Қаныбек Әбдуовтың «Ұры» әңгімелері еншіледі. 

ІІМ-де «Серт» детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздарға байқауға арнайы әзірленген «Серт» хрусталь мүсіншелері мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ салтанатты іс-шараға қатысушыларға Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік бағдарламасы ұсынылды. 

Салтанатты іс-шараның соңында, Ішкі істер министрі атап өткендей, «Серт» детективтік жанрындағы шығармалар конкурсы Қазақстанда жыл сайын өткізілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы