ІІМ-де Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлады

4 Наурыз 2019, 13:08
1587
Бөлісу:
ІІМ-де Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлады

Астана, BAQ.KZ. ІІМ-де Министр Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі

Бұдан бұрынғы, яғни 2016-2018 жылдары қызмет атқарған Қоғамдық кеңес өз жұмысын аяқтаған болатын.

Отырыс барысында министр ең маңызды міндеттердің бірі ­тұрғындардың сенімі екенін атап өтті.

«Біз қоғамның полицияға сеніммен қарап, ал полиция қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін мінсіз атқарғанын қалаймыз. Полиция халыққа жақын болуы керек және ішкі істер органдары қызметіне қатысты кез келген мәселелер бойынша қоғамның пікірін ескеруі тиіс.

ІІМ жанындағы қоғамдық кеңестің ең маңызды мақсаты азаматтар мен қоғамның мүддесі полицияның іс-жүзіндегі қызметімен барынша толық сәйкестігіне қол жеткіз», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Қоғамдық кеңестің мүшелігі байқауына қатысу үшін 25 өтініш және ұсыныс келіп түсті, олардың бәрі белгіленген тәртіппен тіркелді.

Жұмыс тобының мүшелері дауыс беруді жүргізді. Заң талабына сәйкес, Кеңестің құрамындағы жалпы мүше санының 2/3-і азаматтық қоғамның өкілдері, ал мемлекеттік органдардар өкілдері 1/3 болуы тиіс. Жаңа қоғамдық кеңестің құрамы осы талаптарды сақтай отырып құрылды.

Кеңестің құрамы министрдің бұйрығымен бекітіліп, ІІМ интернет-порталында жарияланды.

Соңында Ерлан Тұрғымбаев қоғам өкілдерін белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, құқықтық сана, заңға мойынұсынушылық және саламатты өмір салтын сақтау саласындағы саясаты іске асырудағы ынтымақтастықтың конструктивті негізін құру бойынша атқарып жүрген жұмыстарына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы