ІІМ-де халықаралық турнирде топ жарған қызметкерлер марапатталды

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген бес құрамалық команда қатысты.

 Polisia.kz 16 Ақпан 2026, 21:50
16 Ақпан 2026, 21:50
1075
Фото: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын қорғаған қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген бес құрамалық команда қатысты. Арнайы бөлімшелер жоғары дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

  • Kaz SWAT Team C – І орын;
  • Kaz SWAT Team A – ІІ орын;
  • Kaz SWAT Team B – VIII орын;
  • Kaz SWAT Team D – XX орын.

Әйелдер құрамалары арасында Tomiris командасы жалпы есепте 18-орын алып, әйелдер арасында І орынды иеленді.

ІІМ басшысы Ержан Саденов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, бұл жетістік тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғаушылардың жауынгерлік дайындығы мен рухының мықтылығын айқындайтынын атап өтті.

Салтанатты шара барысында қызметкерлерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Халықаралық аренадағы бұл жеңіс Қазақстанның абыройын асқақтатып, барлық қызметкерлерге үлгі болары сөзсіз.

Наверх