ІІМ Антикормен бірге елордаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

9 Қаңтар 2024, 09:16
547
Бөлісу:
ІІМ Антикормен бірге елордаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

ІІМ Антикормен бірге елордаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы және арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткілерді жеткізудің ірі арнасының жолын кесті.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді.

Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Өзгелердің жаңалығы