ІІМ 2 айда мыңнан астам атыс қаруын заңсыз айналымнан шығарды

4 Сәуір 2022, 11:18
4785
Бөлісу:
ІІМ 2 айда мыңнан астам атыс қаруын заңсыз айналымнан шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.

Ақпан айының басынан бері ел аумағында «Қару»  жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бүгінде полиция органдарында 235 мыңға жуық азаматтық қару иелері және 2 мыңнан астам қызметтік қару субъектілері есепте тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2 айда заңсыз айналымнан 1 000-нан астам атыс қаруы, сондай-ақ ойық қарудың 7 мыңнан астам патрондары алынды, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек. 

Оның айтуынша, 1900-ге жуық заңды тұлға, 92 қару-жарақ саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендер тексерілді.

Сондай-ақ 73 мыңнан астам фермерлік, шаруа қожалықтары тексеріліп, 205 мыңнан астам азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша қаралды. Тексеру нәтижесінде 5 мыңға жуық (4,8 мың) бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзу бойынша 3200, оны тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша 1,5 мың. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өту қажет, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Ол атап өткендей, қару-жарақты заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін операция басталғаннан бері қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 325 материал тіркелді. 

 Әкімшілік жауапкершілікке 519 азамат тартылды. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыстар болмаса, жауапкершіліктен босатылады, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы