ИИДМ мемлекеттік қызметке іріктеудің қанатқақты жобасына қатысып отыр

7 Наурыз 2023, 17:43
746
Бөлісу:
ИИДМ мемлекеттік қызметке іріктеудің қанатқақты жобасына қатысып отыр
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл ақпанның 28-нен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  төрағасының 2017 жылдың 21 ақпанындағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» №40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығын бекіткен болатын.

Аталған бұйрықтың аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңартылған интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды орынға орналасуға мүмкіндік беретін конкурсты өткізіп, іріктеудің қанатқақты жобасына қатысып отыр.

Қанатқақты жоба 2023 жылдың 1-ші наурызынан бастап 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Конкурс туралы ақпарат «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде және Еnbek.kz порталында орналастырылады.

Eqyzmet.gov.kz платформасында өткізілетін іріктеу жеке қасиеттерін бағалау және жалпы конкурс сынды кезеңдерді қамтитынын айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы