ИИДМ-де мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың жолдары қаралды

9 Ақпан 2023, 18:00
1092
Бөлісу:
ИИДМ-де мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың жолдары қаралды
Фото: ИИДМ

ҚР ИИДМ-де мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың жолдары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство мен  Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің іс-қағаздарды жүргізу процестеріндегі, оның ішінде мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылтуға байланысты жаңа талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы»  Президенттің 2022 жылдың 13 сәуірдегі №872 Жарлығы бекітілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының 2010 жылдың 27 сәуірдегі №976 Жарлығымен сәйкестендіріліп, онда  Президенттің халыққа арнаған Жолдауларын дайындау мен іске асыру бойынша, сондай-ақ берген тапсырмалары және актілерінің жұмысы регламенттелгенін айта кетейік.

Аталған кездесудің мақсаты – тәжірибелік, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету арқылы іс-құжаттарды дайындаудың сапасын арттырып, тұтастай бұл бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыруға септігін тигізу.

Бұдан бөлек жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылап, қызметтік хат-хабарларды рәсімдеу мен құжаттарды редакциялық сараптаудан және мұрағат құжаттарын оңтайлы қалыптастыру сынды бірқатар мәселе қаузалды.

Өзгелердің жаңалығы