ИИДМ басшысының орынбасары шығысқазақстандықтармен кездесті

17 Желтоқсан 2022, 09:45
1041
Бөлісу:
ИИДМ басшысының орынбасары шығысқазақстандықтармен кездесті
PHOTO

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице -министрі  Иран  Шархан  Шығыс  Қазақстан  облысына  жасаған  іссапарында  жергілікті  халықпен  кездесіп,  өндірісті  өлкенің  тұрғындарына  жер қойнауын пайдалану саласында қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің шығыс өңірінде ұлттық экономиканың жүйе қалыптастырушы секторы саналатын тау кен - кешені  және  металлургия  өнеркәсібі  сынды  маңызды  бағыттардың ірі кәсіпорындары шоғырланғаны белгілі.  Сол себепті ИИДМ басшысының орынбасары алдымен Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС  мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ секілді тарихы терең кәсіпорындарға барып, олардың өндірістік қызметімен танысты. 

ИИДМ басшысының орынбасары шығысқазақстандықтармен кездесті

Сондай-ақ  жұмыс  сапарының  жоспарына сәйкес  Иран  Шархан шығысқазақстандықтармен  кездесіп,  азаматтарды  жеке қабылдады.  Жоғарыда  айтылғандай, облыста ауыр өнеркәсіп орны аз емес. Сондықтан бұл өңірде экологиялық мәселелер өте өзекті екені мәлім.  

ИИДМ басшысының орынбасары шығысқазақстандықтармен кездесті

Жергілікті тұрғындар осыған байланысты біраз сауалды ведомство өкіліне қойып, оның шешу жолдарын сұрады. Өз кезегінде вице-министр  елімізде бұған қатысты экологиялық және жер заңнамасы қарастырылғанын айтып, тиісті заңның аясында халықтың көкейіндегі мәселелерді реттеудің амалдары бар екенін жеткізді. Бұдан басқа аталған кездесуде жер қойнауын пайдалану саласындағы, атап айтқанда кен іздеуге байланысты лицензия алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ жер қойнауын игерудің салдарын жоюға қатысты мәселелер көтерілді. Жеке және өңірдегі ахуалға қатысты қойылған сұрақтардың басым бөлігіне толымды әрі мейлінше жан-жақты жауап қайтарылды.

ИИДМ басшысының орынбасары шығысқазақстандықтармен кездесті

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары жергілікті БАҚ-тың қатысуымен ұйымдастырылған брифингке қатысып, ведомствоның индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жүргізіп жатқан жұмыстары туралы, атап айтқанда көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, автожол және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру салаларында жүзеге асырылып жатқан және алда атқарылуы тиіс жоспарлар жөнінде айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы