ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

21 Шілде 2023, 16:41
682
Бөлісу:
ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың Қарағанды облысына жасаған іссапары индустриалды аймақты аралаудан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  ведомство басшысы Saran индустриялық аймағы мен KamaTyresKZ зауытына аялдады. 

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Жалпы ауданы 207,5 гектар болатын аумақта бірқатар перспективалы өнеркәсіп жобасы іске асырылып, ірі кәсіпорындардың қызметі жолға қойылды. 2021-2023 жылдар кезеңінде аумақтың инженерлік инфрақұрылымын салуға бюджеттен 17,1 млрд теңге бөлінді.

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Саран қаласындағы шина шығаратын зауыт туралы тоқталсақ, оның өндірістік қуаты жылына 3,5 млн дана жеңіл және жүк көліктеріне арналған шинаны шығаруға қауқарлы. Технологиялық жабдықты сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт толық көлемде орындалып, барлығы 126 келісімшарт жасалды. Қазір келіп түскен жабдықты жеткізу, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Saran индустриялық аймағының аумағында ауданы 76,8 гектарға жететін жер учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді.

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Бұдан кейін Марат Кәрімжанұлы Абай тігін фабрикасына барды. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған киімдердің, тоқыма бұйымдарының, төсек-орын жабдықтарының, балалар мен ересектерге арналған сыртқы киімдердің, мектеп формалары мен спорттық костюмдердің кең ассортиментін ұсынып келеді. 2021 жылы В2С сегментіне сәйкес киім тігу өндірісі іске қосылып, Abai тауар белгісі тіркелді. Мұнда сонымен бірге әкімшілік-тұрмыстық кешен күрделі жөндеу сатысында тұр.

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Жол инфрақұрылымының дамуы ерекше бақылауда екені белгілі. Мәселен, ведомство басшысы 17-38 шақырым аралығындағы «Абай – Қарабас – Жартас – Долинка» жол учаскесінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның жалпы ұзындығы – 21 шақырым. Мердігер ретінде «Прогресс KZ» ЖШС таңдалған-ды. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда асфальт 7 шақырымға төселіп, 5 су өткізгіш құбыр ауыстырылды. Асфальтбетонның негізгі және төменгі қабаттарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жол-құрылыс маусымының соңына дейін асфальтбетон жабынының төменгі және жоғарғы қабатының 15 шақырымын салып, төсеу жоспарланған. Тұтастай алғанда, Қарағанды облысының автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен - 7 мың шақырым. Атап айтқанда, республикалық желі – 1 853 шақырым, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың көрсеткіші – 89%.

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Бұл күні Марат Қарабаев «Шапағат» тұрғын үй кешені құрылысының барысымен де танысты. Бұл жоба Қарағанды қаласының тұрғын үй қорын ұлғайтуға және халықтың басым бөлігінің жайлы тұрмысы үшін жасалып отыр. Құрылысты осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

ИИДМ басшысы еліміздің индустриалды дамыған өңірлерінің біріне барды

Бұдан басқа осы жұмыс сапарында ведомство басшысы облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың жеке қабылдауын өткізбек. Сондай-ақ, Теміртау электрометаллургиялық комбинатына барады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы