Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.
Екі тарап ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, атап айтқанда, өнеркәсіп, құрылыс, азаматтық авиация, қорғаныс-өнеркәсіп кешені және министрлік жетекшілік ететін салаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары екенін және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті.