ІІ Елизавета патшайымның қашан жерленетіні белгілі болды

11 Қыркүйек 2022, 11:05
1314
Бөлісу:
ІІ Елизавета патшайымның қашан жерленетіні белгілі болды

 Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның жаназа рәсімі Вестминстер аббаттығында дүйсенбі, 19 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Бұл туралы Букингем сарайының Twitter-дегі ресми парақшасында айтылды.

Монархтың жаназасы 19 қыркүйек күні сағат 11.00-ге белгіленген. Патшайымды Виндзор қамалының аумағындағы әкесі VI Георг патшаның мемориалдық кішкентай шіркеуінде жерлейді. 

ІІ Елизаветаны жерлеу күні Ұлыбританияда демалыс күні деп жарияланды.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 8 қыркүйек күні 96 жасында өмірден озған болатын. 2022 жылы ІІ Елизаветаның таққа отырғанына 70 жыл толды. Бұл барлық британдық монархтардың ішінде тақта ең ұзақ отырған мерзім. 

ІІ Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда 25 жасында әкесі – VI Георг патша қайтыс болған соң билікке келді. 

Өзгелердің жаңалығы