ІХ қысқы Азия жүлдегерлері әлемдік сындарда чемпион атанды

Кеше, 23:50
139
Бөлісу:
ІХ қысқы Азия жүлдегерлері әлемдік сындарда чемпион атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Конькимен жүгіруден ұлттық құрама көшбасшысы Евгений Кошкин еліміздің спорт жанкүйерлерін тағы бір ірі жеңісімен қуантты, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Польшада өткен Әлем кубогі кезеңінде отандасымыз 500 метрге конькимен жүгіруден алтын медаль жеңіп алды.

Бұл Қазақстан үшін Әлем кубогіндегі 14 жылдан кейінгі алғашқы жеңіс. Соңғы рет отандық спортшылар әлемдік турнирде 2011 жылы командалық спринтте топ жарған болатын.

Әлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан жарыста отандасымыз 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Лорен Дюбрель мен Олимпиада қатысушысы, польшалық Марек Канияны артқа тастап, алтын жүлде жеңіп алды.

Бұл – Евгений Кошкиннің қысқа уақыт ішінде жеңіп алған екінші ірі жүлдесі. Ол мұның алдында Харбинде өткен ІХ қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Харбиндегі Азиадада жүлдеге іліккен спортшыларымыз әлемдік сындарға қатысып, Азия ойындарындағы жеңістерінің кездейсоқ емес екенін дәлелдеп жатыр. Бұған дейін ақ Азиадада шорт-тректен алтын алған Қазақстан құрамасы Миланда өткен Әлем кубогінде қола медаль еншілесе, мәнерлеп сырғанаудан үшінші орынға ие болған Михиал Шайдоров бірер күн бұрын Сеулдегі төрт құрлық чемпионатында алтын медаль олжалады.

Өзгелердің жаңалығы