Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем біріншілігінде алғашқы голын соққан құрама қақпашысы әрі капитаны Игита 1/8 финалдық ойыннан кейін пікір білдірді.
Бүгін тарихи жеңіске қол жеткіздік, футзал әлемінің тарихына ендік. Әрине, бірінші кезекте жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Ал гол жібермегеніміз әрқашан қақпашыға, қорғаныс шебіне, жаттықтырушыға жақсы, бәрі риза. Енді алға жылжимыз. Бұл жеңіс бізге күш береді. Әлемдегі үздік сегіз құраманың қатарына ендік. Енді демалып, ықтимал қарсыластарымыздың кездесуін тамашалаймыз. Құрама қазір дұрыс бағытта келе жатыр. Баршаңызға рақмет, - деді қақпашы.
Айта кетейік, 1/8 финалдық матчта ұлттық құрама Таиландқа жауапсыз 7 гол соққан болатын.
Бұған дейін Қазақстан топтық кезеңде Коста -Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өткен еді.