Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иерусалимде теракт: 4 адам қаза тауып, 6-уы ауыр халде

8 Қыркүйек 2025, 15:19
639
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Иерусалимде теракт болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.

Израиль астанасында екі террорист автобусқа отырып, Рамот қиылысында адамдарға оқ атқан.

Террористік атыс салдарынан шамамен 15 адам жараланды. Олардың бесеуі ауыр халде, қалғандары да ауыр жарақат алған. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Екі шабуылшы да оқиғадан кейін өлтірілген. Олар қолдан жасалған "Карло" тапанша-пулеметін пайдаланған, - деп жазады басылым.

 

Өзгелердің жаңалығы