Атырау облысында құтқарушылар суға кеткен жігітті іздеп жатыр 

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында қайғылы оқиға орын алды. Туысқандарымен демалысқа шыққан жас жігіт&nbsp;арнайы жабдықталмаған жерге шомылып, суға батып&nbsp;кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.</h4>

 5 Маусым 2020 2020, 09:46
5 Маусым 2020 2020, 09:46
1850

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында қайғылы оқиға орын алды. Туысқандарымен демалысқа шыққан жас жігіт арнайы жабдықталмаған жерге шомылып, суға батып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. 19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды.
 Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД ескертеді: арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады, - дейді құтқару қызметі.

Наверх