Йемендегі «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) биліктің өздеріне қатысты химиялық қару өндіру туралы айыптауларын негізсіз деп атады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі басшысының орынбасары Насреддин Амер мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл айыптаулар жалған әрі дәлелдерге сүйенбейді.
Мұндай мәлімдемелер жасаған тараптың Йемен халқына қамқорлық танытуға да, аймақтағы бейбітшілік мәселесін көтеруге де саяси не моральдық құқығы жоқ, – деді ол.
Бұған дейін Йеменнің ақпарат министрі Муаммар әл-Ирьяни The National басылымына берген сұхбатында хуситтердің Ираннан контрабандалық жолмен жеткізілген материалдарды пайдалана отырып, ирандық мамандардың көмегімен химиялық қару шығаруды бастағанын айтқан еді.