Хромтау қаласының тұрғыны сөндірілмеген темекінің салдарынан арқасын күйдіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт Әуезов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында болған. Пәтерде 2 шаршы метр алаңда матрас жанды. Тұрғындар өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызыл жалынды ауыздықтаған.
2-дәрежелі термикалық арқа күйігін алған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, ол тексеруден кейін үйге жіберілді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезіндегі абайсыздық. Ешқашан темекімен төсекке жатпаңыз! Бөлмеңізді күлсалғышпен жабдықтаңыз. Бұл жаман әдеттен бас тартыңыз. Өз өміріңізді қорғаңыз!, - делінген хабарламада.