Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мәлімдеуінше, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан.
Айта кетер болсақ, connection point– азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.
Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады, - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін сауда орталықтары мен базарлардың мекенжайларының тізбесі:
Қала
Атауы
Мекенжайы
Астана
«Әлем» СО
Бөгенбай батыр даңғ., 62
Астана
«Central Market» СО
Алаш тасжолы, 15
Алматы
Home Credit Bank
Төле би көш., 181
Алматы
«Asia Park» ССО
Райымбек даңғ., 514А
Шымкент
«Tolebi» СО
Асар 2 ы/а, 12Б
Шымкент
«Бекжан-комфорт» ССК
Жиделібайсын көш., 92
Ақтау
«Мағаш» СҮ
31 ш/а, 1
Өскемен
АДК СО
Қазақстан көш, 62
Семей
«Апрель» СО
Қабылбаев көш., 3
Қонаев
«Qonaev city» СО
Алматинская көш., 64/1
Ақтөбе
«Nurdaulet» CО
Әбілқайыр хан даңғ., 46
Ақтөбе
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
Сәңкібай батыр даңғ., 22К
Орал
«Dom Byta» ССО
Құрманғазы көш., 173/1
Орал
«Московский» СҮ
Исаев көш., 2/9
Қызылорда
«Aray city mall» ССО
Назарбаев даңғ., 13А
Атырау
«Baizaar» ССО
Құлманов көш., 111А
Атырау
«Дина» СО
Сұлтан Бейбарыс даңғ., 45
Тараз
"MART" ССО
Төле би даңғ., 27
Тараз
«Ауыл береке» базары
Мәмбет батыр көш., 2/17Б
Тараз
«GRAND BAZAR» СО
Сыпатай батыр көш., 2
Жезқазған
«Samadi» супермаркеті
Абай көш., 93
Сәтпаев
«Акцент» супермаркеті
Сәтпаев даңғ., 108А
Түркістан
Автобекет
Сауран ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Қазыбек би көш., 9/9