Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ХҚКО форматы өзгереді: Енді нені білу керек?

Олжас АДАЙ
Кеше, 11:12
356
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Бауыржан Жуасбаев
VIDEO
Фото: BAQ.KZ архиві/ Бауыржан Жуасбаев

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Apple Store үлгісіндегі Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселері пайда болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шамамен 15 миллион рет жүгінеді. Осы трафиктің 80 пайызы ең көп сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметтің үлесіне тиесілі.

Өткен жылы аталған қызметтерді толық цифрландыру жұмысы басталды. Олардың бірқатары баламасыз онлайн форматқа көшірілді. Нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер санының күрт азаюы байқалып отыр, – дейді Мәдиев.

Министр енді азаматтар қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы алатынын айтады.

Осыған байланысты бұл орталықтар Apple Store үлгісіндегі Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселеріне қайта форматталатын болады. Барлық әкімдіктерге тиісті техникалық жабдықталуды қамтамасыз ету тапсырылсын. Ыңғайлы Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңсесі азаматтар үшін әкімдіктің визит картасына айналуы тиіс, – дейді ол.

Бұған дейін Үкімет отырысында министр Жаслан Мәдиев киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданған шараларға қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатынын, сондай-ақ шалғай елді мекендерді интернетпен қамту жоспары туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы