ХҚКО-ларда қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы ІІМ АӨО тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты 2023 жылғы 9 маусым сағат 14:00-ден бастап 10 маусым сағат 18:00-ге дейін барлық ХҚКО-да келесі қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі.