Хорватияда польшалық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Поляк баспасөз құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Хорватияның солтүстік-батысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза болған. Отыздан астам адам түрлі дене жарақатын алған.
Қайғылы жағдай Вараждин және Загреб қалаларының ортасындағы тасжолда таңғы сағат 5:35 гамасында орын алған. Көлік салонында 42 жолаушы мен 2 жүргізуші болған.
Польшаның сыртқы істер министрлігі автобус поляк қажыларын Босния мен Герцеговинадағы Меджугорье киелі мекеніне апара жатқанын айтты.
Меджугорье – жыл сайын дүние жүзі бойынша 1 млн-ға дейін христиан дінін ұстанатындар қажылыққа баратын Босния мен Герцеговинада орналасқан орталық болып саналады.
Апат болған жерге 16 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаларға жеткізілді.