Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу тартысты басталды. Алғашқы екі кезеңде есеп 1:1 болды. Алдымен корейлік хоккейші Су Чжин Хан 4-минутта есеп ашса, артынша қазақстандық Лариса Свиридова 9-минутта есепті теңестіріп кетті.
Өкінішке қарай, ойынның 57-минутында Хи Вон Ким құрама қақпасына жеңіс голы салды. Қорытынды есеп - 1:2. Қазақстан құрамасы есе жіберді.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1, Словенияға 1:2, Италияға 0:3, Польшаға 2:3 есебімен жеңілген еді.