Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында алтыншы ойынында Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойынның 5-минутында «Барыс» сапынан Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін «Адмирал» қатарынан Максим Чудинов 16, Павел Шэн 24-минутта екі шайба соғып кетті.
Ал, 26-минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, Джованни Фьоре 40-минутта қайтадан «Адмирал» командасын алға шығарды.
Ойынның 42, 53-минуттарында «Барыс» капитаны Роман Старченок қос шайба соғып, өз командасына жеңіс алып келді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 18 қыркүйекте елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.