Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Химиялық костюм киген адам кәсіпкерді атып өлтірді

12 Сәуір 2025, 02:41
1059
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Краснодар өлкесінің Туапсин ауданында химиялық қорғаныс костюмін киген белгісіз адам кәсіпкерді атып өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға Дзеберкой ауылының аумағында, бассейн маңында болған. Mash Telegram арнасы шабуыл сәтінен түсірілген бейнежазбаны жариялады. Онда күдіктінің бірнеше рет оқ атып, кейін оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді.

"112" арнасының хабарлауынша, оқиға шамамен сағат 10:20 кезінде болған. Қаза тапқан адамның аты-жөні – Арсен Наджарян, 55 жастағы кәсіпкер. БАҚ мәліметінше, ол қылмыстық топтармен байланысы бар деген күдікпен белгілі болған.

Қазір Туапсин аудандық полициясы күдіктінің жеке басын және оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы