АҚШ-тың оңтүстік-шығысында соққан дауылдан опат болғандар саны 160-қа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Тағы 600 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апаттан Солтүстік Каролина штаты қатты зардап шекті. Елді мекендер толығымен қирап қалған. Қазір 3 миллиондай тұрғын жарықсыз отыр.
Зардап шеккен аймақтардағы ахуалға байланысты президент Джо Байден отырыс өткізіп, барлық шығынды жабуға, қираған өңірлерді қалпына келтіруге тапсырма берді. Мамандардың алдын ала есебі бойынша шығын көлемі 100 млрд доллардан асуы мүмкін.