Хайролла Ғабжалилов Қазақстан президенттігіне кандидат болып ұсынылды

11 Қазан 2022, 18:51
2108
Бөлісу:
Хайролла Ғабжалилов Қазақстан президенттігіне кандидат болып ұсынылды

Хайролла Ғабжалилов "Асар" оралмандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінен кандидат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін ОСК-ға құжат тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ОСК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

ОСК хабарлауынша, 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды. 

"Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;  

Х.М. Ғабжалиловтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;  

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі. Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. 

Өзгелердің жаңалығы