Алматы, BAQ.KZ. Бірнеше жыл пәтер кезегінде тұрып, баспаналы болуды армандаған Алматы облысы Текелі қаласындағы Ахметовтер отбасы жаңа қоныс иесі атанды. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.
Отағасы Асқар Ахметов Текелі қаласында 1979 жылдан бері тұрып келеді. 2020 жылға дейін қоғамдық жұмыста қызмет еткен. Бүгінгі таңда денсаулығына байланысты мүгедектік алған.
Жаңа жылда жаңа бапанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Баспаналы болу – басты арманымыз болатын. Харекет қоры жайлы бір жыл бұрын таныстарымнан естіп, әлеуметтік желі арқылы қайырымдылық қорынының парақшасына өз өтінішімді жеткіздім. Біздің жағдайымызды ескеріп, пәтер сыйлаған «Харекет» қорына айтар Алғысымыз шексіз,- дейді отанасы Жанар Байзақова.
2005 жылы шаңырақ көтерген Ахметовтер отбасы бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отыр. Жанұяның ендігі арманы кіші ұлдары Әлижанды аяқтандыру. «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» - демекші көпбалалы отбасына жайлылық пен қуаныш сыйлаған жандардың жомарттығы баршаға үлгі екені сөзсіз.