Әлеуметтік желілерде оңай ақша табудың жолына айналған ойынның түрі кең тарап кетті. Сарапшылар бұл ойынның адамдарды сан соқтырып, құмар ойындарына әкеп соқтыратынын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ойыншылар атжалмандарды жай ғана басу арқылы оңай ақша тауып отырмын деген ойда болады. Дегенмен ақшаны шешіп алу үшін өзінің деректерін ойын ұйымдастырушылырына жіберіп, қолды қылып қойғанын білмей қалады. Сондай-ақ ойынды жақсарту мақсатында бонустар мен жақсартуларды ақшаға сатып алып, алаяқтардың қақпанына түседі.
Ақшаны алу үшін пайдаланушыға Telegram-ға кіру ұсынылады. Шын мәнінде, сілтеме арқылы ашылатын ресурс алдау мақсатында жүргізіледі. Ойыншы оған өз деректерін енгізсе, ұйымдастырушылар оның жеке мессенджер шотына қол жеткізе алады. Мұндай қолжетімділікті арам пиғылдылар әртүрлі мақсаттарда, соның ішінде құпия деректерді ұрлау, бопсалау және байланыс телефондарының тізіміне алаяқтық хабарламалар жіберу үшін пайдалана алады, - дейді “Каспер зертханасының" сарапшылары.
Сарапшылар адамдарды оңай ақша табудың жолдарынан аулақ болу керектігін атап өтті.
Интернетте ақша табудың кез келген жаңа тәсілі алаяқтардың айналасында өрбиді. Hamster Kombat сияқты шертетін ойындарда абай болу керек. Себебі бұның арты құмар ойындарына әкеп соқтыруы мүмкін. Шет елдерде бұл ойынды ойнаушылар көбейген, зардабын көргендер де жетерлік. Адамдар көбінесе оңай ақша табудың мүмкіндіктерін іздейді, бұны алаяқтар шебер пайдаланады. Адамдарды қырағы болуға шақырамыз",-деді "Каспер зертханасының" талдаушысы Ольга Свистунова.