ХАМАС тағы алты израильдік тұтқынды босатты

Кеше, 20:12
153
Бөлісу:
ХАМАС тағы алты израильдік тұтқынды босатты

Бүгін ХАМАС ұйымы алты израильдік тұтқынды босатып, оларды Қызыл Крест өкілдеріне тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында 39 жастағы Таль Шохам мен 38 жастағы Авера Менгисту босатылды.

Кейін 2023 жылдың қазанында ұрланған 22 жастағы Омер Шем-Тов, 27 жастағы Элия Коэн және 23 жастағы Омер Венкерт те босатылды.

Сондай-ақ, шамамен 10 жыл тұтқында болған Хишам ас-Саид азат етілді.

Бұл 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңін аяқтайды. Осы келісім аясында ХАМАС 33 тұтқынды босатуға міндеттелген болатын.

Жауап ретінде Израиль 602 палестиналық тұтқынды босатуға келісті.

Өзгелердің жаңалығы