Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Хамас палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде кепілдегі 10 адамды босатуға келісті

1 Маусым 2025, 00:47
1177
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Хамас лаңкестік ұйымы АҚШ-тың Газада атысты тоқтату туралы ұсынысына ішінара келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Deutsche Welle жазды.

Тікелей кепілге алынғандарды босатумен қатар, содырлар палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде Израиль жағына тағы 18 мәйітті беруге келісті. Бұған дейін Израиль АҚШ президентінің елшісі Стив Уиткофф жариялаған шарттарға келісімін берген болатын.

Сонымен бірге, аты-жөнін атамауды өтінген израильдік шенеунік Израиль билігі ХАМАС-тың жауабын топтың қосымша талаптарына байланысты "де-факто бас тарту" деп санайтынын айтты, – деп жазады басылым.

Хамас сондай-ақ тұрақты атысты тоқтатуды, Газа секторынан әскерлерді толықтай шығаруды және АҚШ жоспарында көрсетілмеген аймаққа гуманитарлық көмек кепілдігін беруді талап етеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз кезегінде ХАМАС-ты толығымен жоюды талап етеді. Израильдің мәліметінше, ХАМАС қазір 20-дан 23-ке дейін тірі кепіл мен кем дегенде 35 мәйітті ұстап отыр.

Өзгелердің жаңалығы