ХАМАС өкілдері Египетке барды

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді жалғастыру үшін Египетке делегация жібергенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Anadolu Ajansı 13 Сәуір 2025 2025, 14:31
13 Сәуір 2025 2025, 14:31
1183
Фото: Anadolu Ajansı

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді жалғастыру үшін Египетке делегация жібергенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Делегацияны ХАМАС-тың Газа секторындағы жетекшісі Халиль әл-Хайя бастап барды. Сапар Египеттің шақыруымен жүзеге асты.

Каирде ХАМАС өкілдері Египет пен Қатар делдалдарымен атысты тоқтату, бітім орнату, Израиль әскері Газадан толық шығуы және тұтқын алмасу мәселелерін талқыламақ.

Maan агенттігінің мәліметінше, Египеттің жаңа бастамасына сәйкес, ХАМАС бірнеше тұтқынды (оның ішінде қос азаматтығы бар Иден Александрды) босатып, қаза тапқан тұтқындардың денесін қайтарады. Ал Израиль бірнеше жүз палестиналықты, соның ішінде өмір бойына сотталғандарды босатады.

Келісім аясында 50 күндік гуманитарлық үзіліс жарияланып, қажет болса 70 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Наверх