Халықтық штаб Жамбыл облысы тұрғындарымен референдумның маңызын талқылады

13 Қыркүйек 2024, 19:21
1179
Бөлісу:
Халықтық штаб Жамбыл облысы тұрғындарымен референдумның маңызын талқылады
PHOTO
Фото: Мәжіліс

Бүгін Халықтық штаб мүшелері биыл 6 қазанда өтетін референдумның маңызын тұрғындармен талқылау үшін Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таразда Халықтық штаб мүшелері өңірдегі педагогтар қауымымен кездесті. Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері мұғалімнің қоғамдағы рөлі де, беделі де ерекше екенін атап өтті. Мұғалімдер білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы елдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан ұстаздар қауымы АЭС туралы толық ақпарат алып, бейбіт атомды қолданудың барлық ерекшелігін түсінуі, толғандырған сұрақ-сауалдарға жауап алуы – аса маңызды.

Халықтық штаб Жамбыл облысы тұрғындарымен референдумның маңызын талқылады

Штаб мүшелері жиналған көпшілікті атом энергетикасын дамыту бағытындағы әлемдік трендтер, АЭС-тың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру бойынша қолда бар құралдар туралы жан-жақты хабардар етті.

Халық референдумға белсенді қатысып, дауыс берген жағдайда Қазақстанда III немесе III+ буынды атом электр станциясы салынады. Әлемде 30-дан астам дамыған мемлекетте 415 атом реакторы жұмыс істеп тұр. Бүгінде 15 мемлекет 61 атом реакторын салуға бел буды. Энергетика саласындағы мамандардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай атом энергиясы 2 есе көп пайдаланылады. Егер атом электр станциялары қауіпті болатын болса, неге дамыған мемлекеттер оны салуға құштар болып отыр?, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Халықтық штаб Жамбыл облысы тұрғындарымен референдумның маңызын талқылады

Сондай-ақ, Халықтық штаб мүшелері жергілікті теміржол қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде 110 мыңнан астам отандасымыз «Қазақстан темір жолында» қызмет етеді. Олардың ерен еңбегі елдегі барлық көлік инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу барысында саланы одан әрі дамыту және халықтың, сондай-ақ бизнестің сұранысын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ-ны сапалы электр энергиямен қамтамасыз етудің маңызы ерекше атап өтілді.

Халықтық штаб Жамбыл облысы тұрғындарымен референдумның маңызын талқылады

Осы күні АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Меркі ауылының тұрғындарымен – қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» жобаларына қатысушыларымен кездесті. Жүздесу барысында олар елімізде агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту деңгейін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Сенімді энергия көзі болмайынша көп мәселені шешу мүмкін емес.

Өзгелердің жаңалығы