Халықтық Коалиция Президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды - Қошанов

6 Қазан 2022, 16:07
1368
Бөлісу:
Халықтық Коалиция Президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды - Қошанов

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Ерлан Қошанов халықтық коалиция Президент кандидатурасын ұсынатынын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиынды ашқан Партия төрағасы Ерлан Қошанов Халықтық коалиция президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатынын жеткізіп, оның стратегиялық бағдары ел болашағына серпін беретінін айтты.

Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының,  Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ең бастысы, Сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді, - деп мәлім етті Ерлан Қошанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Amanat, «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясы» Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. 

 

Өзгелердің жаңалығы