Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу маңызды – Олжас Бектенов

Әсел ӘБІЛБЕК
14 Қазан 2025, 10:29
430
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін белгілі болғандай, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,3%-ға өсті.

Өзгелердің жаңалығы