Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күн көру қиындап, баға шарықтап өсіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтып жатыр. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсіп жатыр, - деп айтты Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
Президент атап өткендей, қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес екенін айтты.
Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.