Халықты ұлттық валютаның жағдайы алаңдатады – Тоқаев

28 Қаңтар 2025, 12:01
619
Бөлісу:
Халықты ұлттық валютаның жағдайы алаңдатады – Тоқаев
Фото: BAQ.KZ архив

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың сөзінше, Ұлттық банк өз мандатына сай жұмыс істеп жатыр. 

Әрине, сұрақтар әлі де баршылық. Ең алдымен, адамдарды ұлттық валютаның ойнамалы болуы алаңдатады. Америкалық доллардың күшеюіне байланысты сарапшылар теңге бағамына қысым күшейетінін күтеді. Тұрақтылықты қамтамасыз етіп, инфляцияны тежеу аса маңызды шаруа. Тіпті қазір басты міндет деуге болады. Бұл жұмыс үкіметпен тығыз, бірлесе жүргізілуі керек. Қазір ахуал ерекше болып тұр, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметттің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Алқалы жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Өзгелердің жаңалығы