Халықты төтенше жағдайдан қорғай алмағандар енді жауапқа тартылады

24 Қыркүйек 2024, 11:03
2566
Бөлісу:
Халықты төтенше жағдайдан қорғай алмағандар енді жауапқа тартылады
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, құтқарушылардың арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қайта қаралуда. Сатып алынатын нысанды киімі сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы көзделеді. Екіншіден, сапалы арнайы автомобильдермен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алу жүзеге асырылады. Біз ұшқыштарды түнде және қолайсыз ауа-райы жағдайында ұшуға оқытып үйретуді жоспарлап отырмыз, - деді ведомстов басшысы. 

Министрдің мәлімдеуінше, ведомствоның командалық орталығы жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталды.

Министрлікте басқарудың нақты вертикалін құру үшін барлық ведомстволық бағынысты мекемелерді біраумақтық бөлімшеге біріктіру арқылыұйымдастыру-штаттық іс-шараларын жүргізудеміз. Бүгінде назардан тыс қалып, қолайлы жағдай жасалмаған құтқару бөлімшелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты, жаңа тәсілге бой бұрып, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар бір жерге орналасқан бірегей өрт сөндіру депосы құрылуда. Бұл шұғыл әрекет етуді арттыруға және азаматтарды дер кезінде құтқару шараларын қабылдау мүмкіндігін береді, - деді Әрінов. 

Төртінші -  енді халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданатын болады.

Бесінші - су тасқынынан зардап шеккен шығынның көлемін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүлікті төтенше жағдайлардан сақтандыру механизмі пысықталуда.

Алтыншы - өңірлерде қорғаныш бөгеттерімен дуалдарын тұрғызу және оларды нығайту сияқты алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, өзендердің қауіпті учаскелерінде су түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары іске асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы