Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференция өтті

5 Желтоқсан 2022, 19:48
1142
Бөлісу:
Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференция өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ  және «Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің ұйымдастыруымен 5-желтоқсан Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференцияға 14 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан 17 аймақтық фронт-офис өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Конференцияда келесі тақырыптар бойынша презентациялар өтті:

  • Аймақтық волонтерлердің Фронт-офистерінің жыл қорытындылары мен нәтижелері
  • Қазақстандағы жұмыс уақытындағы жетістіктер
  • Аймақтық волонтерлердің Фронт-офистерінен кері байланыс
  • АФО және аймақтық волонтерлік жобалардың қызметін ілгерілету мен жариялау
  • Әлемдегі волонтерліктің ахуалы бойынша 2022 жылғы баяндама (UNV)
  • Үздік волонтерлік тәжірибелер (халықаралық, әлеуметтік және т.б. бағыттар бойынша).

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының сарапшысы Ерік Батырханов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма орынбасарының төрағасы Айнаш Гайсина, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің бас маманы Роман Краснощеков қатысты. 

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк, Birgemiz: áreket ýaqyty волонтерлік салада кешенді шараларды ұйымдастыру қызметін іске асыру жөніндегі Республикалық Фронт-офис координаторы Айбек Досымбетов пен сарапшысы Татьяна Шолудько, Қостанай облысы «Мигдаль» ҚБ Президенті Владимир Алексанин, «Best for kids» қоғамдық қорының президенті Александра Крашинина, БҰҰ Волонтерлер Бағдарламасының Қазақстандағы Елдік үйлестірушісі Никита Шабаев, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Летисия Баззии-Вейл, ЮНФПА бастаған Y-PEER Kazakhstan желісінің ұлттық үйлестірушісі Темірханов Аслан, «DOS.Co» қорының директоры Айнұр Аймурзина, «28 петель» клубының Қосшы қаласындағы үйлестірушісі Анара Жабаспаева, «BeSafe Kazakhstan» волонтерлік жобасының үйлестірушісі Гүлжамилә Камарова, «Жеңіс» қайырымдылық жобасының республикалық үйлестірушісі Сержан Шайхымов, «Greental» әлеуметтік кәсіпорынының және мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту орталығының волонтері Айдана Мақышева, Қазақстандағы ДДСҰ-ғы БҰҰ волонтері Айдана Ерғалиева, Қазақстандағы ЮНИСЕФ БҰҰ волонтері Пархат Юсупджанов, Қазақстандағы БҰҰ ДБ волонтері Салтанат Ботеу қатысты.

Өзгелердің жаңалығы