Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің оныншы президенті болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-нің 144-ші сессиясында өтті.
Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері президент болған Томас Бахты алмастырады. Бахтың 2025 жылдың ақпанында қызметтен кететінін ХОК Атқарушы комитеті қолдады.
Жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетін басқаратын алғашқы әйел басшы атанды. Сондай-ақ, бұл лауазымға алғаш рет Африка құрлығының өкілі сайланды.
Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.