Халықаралық іздеудегі қазақстандық Адыгеядан елге жеткізілді

19 Тамыз 2024, 10:00
1062
Бөлісу:
Халықаралық іздеудегі қазақстандық Адыгеядан елге жеткізілді
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы бір күдікті аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде өзіне тиесілі емес пәтерді ұсынған.

Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың желтоқсан айында ол Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы