Халықаралық іздеудегі 3 адам сотталды

6 Қыркүйек 2024, 15:30
448
Бөлісу:
Халықаралық іздеудегі 3 адам сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған. Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам. Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.

Өзгелердің жаңалығы