Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Қазақстанның оңтүстігінде ұсталды

Олар Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 09:29
Бүгiн 2026, 09:29
191
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алаяқтық жасап, халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыларды ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағынан  ұстады, - деп хабарлады Polisia.kz.

Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наверх