Форум өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектінің жаһандық индустрия келешегіне арналған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Форум аясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. Цифрлық жиынға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран елдерінің үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері қатысады.
Цифрлық әлеммен таныстыратын екі күндік шараға 40 мыңнан аса адам қатыспақ.
Дәстүрлі стартап аллеясы 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынған.
"Индустрия X" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүзеге асырылған табысты жобаларды көруге болады.
Сондай-ақ, жалпы отырыс аясында Digital Almaty Awards 2025 дәстүрлі сыйлығы табысталмақ.
Astana Hub — AI Movement бастамасының қорытындылары шығарылып, FIRST Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді. Онда 24 үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін бақ сынайды. Форумның маңызды оқиғаларының бірі Industrial AI Battle — AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар арасындағы бәсеке болады.
Қатысушылар $60 000 жүлде қоры мен форум серіктестерінің гранттары үшін жарысады.