Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Халықаралық білім беру корпорациясында 339 орындық жатақхана ашылды

25 Қыркүйек 2025, 08:54
345
Бөлісу:
 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматыда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) 339 орынға арналған жаңа Студенттер үйі ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа нысан студенттік тұрғын үйдің халықаралық стандарттарына сәйкес салынған. Ол заманауи коворкинг-аймақтармен жабдықталып, кампустың бірыңғай басқару жүйесіне интеграцияланған. Бұл жүйеге қол жеткізуді бақылау, басқару және қауіпсіздік бойынша ситуациялық орталық кіреді.

Іс-шара барысында ХБК Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов корпорацияның негізгі жобалары мен ғылыми әзірлемелері туралы баяндап, студенттерге арналған зертханалық базаны таныстырды.

Жаңа жатақхананың ашылуы Алматының Бас жоспарына енгізілген Academic City жобасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады. Алдағы екі жылда кампус аумағында Қазақстандағы ең ірі білім беру кластері қалыптасып, жаңа жатақханалар, коворкингтер, зертханалар және әлеуметтік инфрақұрылым бой көтермек.

Өзгелердің жаңалығы